Ақтөбеде қар үстіндегі футболдан қалааралық жарыс өтеді

Сайысқа 32 команда қатысады, деп хабарлайды Ақтөбе қаласы əкімдігі.

4 қаңтар күні №8 облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде қала əкімінің жүлдесіне арналған қар үстіндегі футболдан жəне шағын футболдан жасөспірімдер арасында қалааралық турнир бастау алады.

Жарысқа Атырау облысы, Қызылорда жəне Ақтөбе қаласы мен аудандарынан барлығы 32 команда қатысады. Финалдық ойындар 9 қаңтарға жоспарланған.

Пікір қалдырыңыз