Ақтөбе облысы тұрғындары үшін коммуналдық тарифтер төмендейді

Облыс тұрғындары ендігі жерде коммуналдық қызмет төлемінен 1280 теңге үнемдей алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Биылғы жылдан бастап 60 ш.м. пәтердің коммуналдық айлық төлемі былтырмен салыстырғанда 9,6 пайызға төмен.

«Тұрғындарға жылудан 891 теңге, ыстық судан 76 теңге, ауыз судан 22 теңге, электр энергиясынан 152 теңге, газдан 33 теңге, лифттен 50 теңге, домофоннан 15 теңге жеңілдетілген. Ендігі жерде тарифтердің барлығын қосқанда 1280 теңге үнемдеуге мүмкіндік бар», — дейді Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: