Мұғалжар ауданының әкімі көбейіп кеткен бала өлімі туралы түсінік берді

Былтырғы жылы бала өлімі Мұғалжар ауданында артқан. Уақытында аналардың қаралмайтынын жеткізген аудан әкімі алдағы уақытта бұл мәселе бойынша жұмыс істелетінін айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Аудан алты баланың өлімі тіркелген. Бірақ, басым көпшілігі Ақтөбе қаласына келіп қайтқандар.

«Ана өлімі жоқ. Жалпы, шынымен де дәрігерлеріміз тексергенде егер жағдайы қиындау болса, Ақтөбе қаласына жібереді. Біздің аудан дәрігерлері алдын-ала қалаға барып босану керек екенін ескертеді. Бұл жерде дәрігерлердің де кінәсі бар деп айтуға болмайды. Тізімде тұрған аналар уақытында ем алып тексерілмейді. Асқынғаннан кейін ғана келеді. Алты баланың төртеуі Ақтөбе қаласында шетінеп кетті. Алдағы уақытта сол бойынша жұмыс істейміз», — дейді аудан әкімі Ербол Данағұлов.

Пікір қалдырыңыз