Ақтөбеде жаңа жыл түні 51 келіншек балалы болды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары жаңа жыл күні өмірге келген кішкентай ақтөбеліктер туралы ақпарат таратты. 31 желтоқсан күні облысы бойынша 51 келіншек балалы болған.

«Ақтөбе облысында 31 желтоқсан күні 51 келіншек босанды. 27 ұл, 24 қыз дүниеге келді. Мереке түні егіздер мен үшемдер болмаған. Жалпы, 2018 жылы туылған нәрестелер туралы айтатын болсақ, Ақтөбеде 20 мыңға жуық сәби дүниеге келді», — деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысында 2018 жылы 19 589 нәресте дүниеге келген. Олардың арасында 189 егіз және бес үшем бар.

Пікір қалдырыңыз