Ақтөбеде екі үй жанып кетті

 

Ақтөбеде екі үй жанып кетті. Бірі саяжай аумағында болса, екіншіcі Кірпішті ауданынды. Ешкім зардап шеккен жоқ, алайда адамдар баспанасыз қалды.

Жаңа жылдық демалыс күндері Ақтөбе қаласында екі үй жанып кетті. 1 қаңтар күні сағат 03:23-те шақыру түсіп, өрт сөндірушілер «Актюбрентген-11» бау-бақша ұжымына барды.

«Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 10 адам, 2 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 3 адам, 1 техника және жергілікті полиция қызметкерлері жіберілді. Өрт сағат 03:56-да шектеліп, 04:07-де сөндірілді. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталып жатыр», — деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, 2 қаңтар күні Кірпішті ауданында мансард үй өртенді. Алдын ала белгілі болғаны, өрт электр тогының қысқа тұйықталуынан шықты.

«Зардап шеккен ешкім жоқ. Өрт сөндіруге 20-ға жуық қызметкер мен 5 техника жіберілді», — деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: