Ақтөбе облысының «бас спортшысы»: допты шайбаға өзгертіп көрдік, бірақ ештеңе шықпады

Облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов бірінші орын алып жүрген хромтаулық допты хоккейдің ойыншыларын шайбалы хоккейшілер етіп өзгерткісі келген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, хоккей – Қазақстанда жақсы дамып келе жатқан спорт түрі. Солтүстік пен Шығыс Қазақстанға тән бұл спорт түрі Оңтүстік пен Батыс аймақта да кең таралуда.

«Облыс басшысы хоккей корттарын көбірек салу керектігін үнемі айтады. Ақтөбе елдің соңында қалып қоймауы керек. Облыста хоккейдің ең төменгі лигасы – жастар лигасын құрған болатынбыз. Дегенмен, ондағы ойыншылардың барлығы ақтөбеліктер деп мақтана алмаймыз. Мұның барлығы насихат жұмыстарына бағытталған. Қазір жастарға үміт артуымыз керек. Мәселен, Шалқарға барғанымда жақсы ойнайтын балаларды көрдім. Мен оларды бағын сынауға Ақтөбеге шақырдым», — дейді Мейрамбек Махамбетов.

Ендігі кезеңде хоккейден ересектер лигасы құрылмақ.

«Бұл дарынды жасөспірім спортшыларды өз жерімізде алып қалуға бағытталған қадам», — дейді Махамбетов.

Бұдан бөлек, Ақтөбе облысында допты хоккей өте жақсы дамыған. Республикалық жарыстарда хромтаулық допты хоккейшілер үнемі үздіктер қатарында көрінеді. Доп пен шайбаны алмастырып көрген басқарма басшысы эксперимент жасап көрді.

«Допты хоккейді шайбалы хоккейге алмастырып көрдік. Бірақ ештеңе шықпады. Өйткені допты хоккейшілер ұзақ қашықтықты бағындыруға үйреніп қалған. Кішкентай алаңда ширақ қозғала алмады. Оған қоса, доп пен шайба – екі түрлі зат», — деді Мейрамбек Махамбетов.

Пікір қалдырыңыз