2021 жылға дейін толығымен Қандыағаш қаласының тұрғындары баспанамен қаматамасыз етіледі.

Алдағы уақытта Қандыағаш қаласында жер мен үй мәселесі бойынша кезекте тұрған жандар толығымен қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Былтыр облыс әкімінің қолдауымен салынған екі бес қабатты үй қазір қолданыста. Жер беру мәселесі бойынша да мыңнан аса адамның өтініші орындалған.

«Айтып кетуіміз керек жерді дер кезінде беріп жатырмыз. Уақытында баспанасын сала алмай жатырған тұрғындарға заңды түсіндіріп жатырмыз. Егерде екі жылдың ішінде жерді алып үйді салмайтын болса бір жақты негізде келесі кезекте тұрған адамға қарай беруге толық мүмкіндігіміз бар. Қазір 24 пәтерлік екі қабатты үйдің құрылысы жүріп жатыр. 2021 жылға дейін Қандыағаш қаласында тұрғын үй мен жер кезегінде тұрғандарды толығымен қамтамасыз етіп боламыз», — дейді аудан әкімі Ербол Данағұлов

Естеріңізге сала кетейік, тәуелсіздік жылдарынан кейін қалада көп қабатты тұрғын үй құрылысы жүрмеген екен.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: