Ақтөбеде монополистердің бағасын реттейтін департамент қоғамдық қабылдау өткізеді

Ақтөбеліктер тарифтер мен техникалық қызмет көрсету сұрақтары бойынша арнайы департаменттің қабылдауына бара алады.

Ақтөбеде табиғи монополияларды реттеу, бәсекелесті қорғау және тұтынушылар құқықтары комитетінің облыстық департаменті қабылдау өткізеді. Қабылдау 13 қараша күні Халықтық кеңседе болады. Сағат 14:00 мен 18:00 аралығында кез келген тұтынушы коммуналдық сұрақтар бойынша шағым айта алады. Соның ішінде газбен жабдықтау, су мен электр тогы, жылу беру жайы да қаралады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: