Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы әйел 8 жылды арқалап кете барды

Ақтөбеде туған анасын пышақтап өлтірген 25 жастағы Оксана Диде сотталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Сот құжаттарына сүйенсек, сотталушы былтыр қазан айында ішімдік ішіп, үйінде анасымен жанжалдасып қалған. Анасы мен қызы төбелесіп, сол кезде айыпталушы шешесіне ас үй пышағын ала жүгірген. Бірнеше рет ішінен пышақтаған. Ауыр жарақат алған сотталушының анасы оқиға орнында қаза тапқан.

Сот отырысы кезінде айыпталушы Оксана Диде өзіне тағылған айыпты мойындап, ісіне өкінетінін жеткізді.
«Оксана Диде Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабы бойынша айыпты деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа түзету мекемесінде өтейді. Сонымен қатар, 906 мың теңге сот шығындары өндірілсін», — деді судья Алтынбек Сабыров.

фото: ullica.ru

 

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: