Қазақстанның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлы қызметінен кетті

Ержан қажы Малғажыұлы қызметінен кетті. Фото: Interfax.kz

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, бас мүфти болып Серікбай қажы Ораз сайланды деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Жаңа мүфти бүгін Алматыда Ұлттық кітапханада өтіп жатқан ҚМДБ құрылтайында сайланды.

Серікбай қажы Ораздың кандидатурасын ҚМДБ-ның қазіргі төөрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ұсынды. Құрылтай делегаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңа мүфти бес жылға — 2022 жылға дейінгі мерзімге сайланды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: