Ақтөбелік дәрігерлер екпеден бас тартқандармен күресу үшін қауіпсіздік комитетіне жүгінген

Ақтөбе қаласындағы № 1 емхана маманы Ақжелен Оразова баласына екпе жасатудан бас тартып отырған ата-аналармен жұмыс жасайды. Мәселе күрделеніп кеткеннен кейін қала емханаларына арнайы штат ашылып, тұрақты жұмыс жасау үшін бөлек маман тағайындалған.  

«Қазіргі кезде екпе салынбаған балалар көп. Солармен жұмыс жасауға арнайы маман тағайындалды. Мен емханада қазір сондай қызметті атқарып отырмын. Ұзақ жыл қаланың бас педиаторы болып жасадым»,дейді педиатр дәрігер Ақжелен Оразова.

Дәрігердің айтуынша, дін жолында жүрген ата-аналармен жұмыс жасау қиындап кеткен.

«Соңғы жылдары екпеден бас тартатындар саны көбейіп кетті. Бірақ, биылғы жылы сәл азайған сияқты. №1 емхана бойынша екпеден ас тартып отырған 400-ден аса ата-ана бар. Олардың арасында өзге ағымда жүргендермен әңгімелесеміз. Көптеген дін жолында жүрген адамдарды шақырып жатырмыз. ҰҚК мамандарын да шақырып, өзімізде дөңгелек үстел өткіземіз. Бір кездесуге елушақты адам шақырамыз. Олардың шінде тек 5-6 адам ғана келеді. Қалғандарымен үздіксіз жұмыс жасап отырмыз», —дейді Ақжелен Оразова.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: