Жеңіл көліктен екі сөмке есірткі тәркіленді

Самара-Шымкент тас жолында «BMW» маркалы автокөлігінен 27 келі марихуана табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Көкнар-2019» жедел-алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері жеңіл көлікті тоқтатты. Тінту кезінде 2 сөмке ескірті заты тәркіленді.

«Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың жалпы салмағы 27 келі болатын марихуана екені анықталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды», — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: