Жаманшыңға туристік маршрут жасалады

Жаманшың метеоритінің аумағын айқындап, Қазақстан заңнамасына сәйкес қорғау аймағы белгілеу керек. Әрі туристік маршрут жасалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қазақстан киелі жерлер географиясындағы Жаманшың кратерін мемлекеттік қорғауға алу керек деген қаулы 2006 жылы шықты. Алдағы уақытта картасы жасалып, кратер қаршауға алынады.

«Зерттеуші Павел Флоренский кратердегі 20 шақырымды қорғауға ашып, қоршауды ұсынып отыр. Біз 100 шақырымды астрофизикалық, тарихи, табиғи ендік бағытты қамтитын кешенді туристік геопарк немесе орталық құрылуы қажет деп есептейміз. Зерттеуші Серік Әжіғали 30 жылдан бері осы туралы айтып келе жатыр. Себебі Жаманшың маңында Әбілқайыр хан 45 мың әскери жинаған, Алмат тамы, Жаныс би тамы, Балғасын мовзолейі бар. Мәселен Балғасын маңындағы емдік тұз Қырымның кез келген курортындағы ем тұзынан сапалы, Ырғыз-Торғай резерваты бар. Бәріне ортақ турмаршрут қажет», — деді өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: