Қоқыс шығаруға құрылыс және жол салу компаниялары көмектеседі

Қаладағы қоқысты 2 компания шағырып жатыр. Енді тұрмыстық қалдықты тасымалдауға құрылыс және жол төсеу компаниялары көмектеседі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде қала тұрғындары қоқыс шығару компанияларына 100 миллион теңгеден астам қаржы бережақ. Әрі қала тұрғындарының 65 пайызы ғана абонемент ретінде тіркеліп, ай сайын қызмет үшін ақы төлейді. Өзгесі тіркеуде жоқ әрі шығарған қоқысы үшін бір тиын да бөлген емес. Мамандар бар мәселенің осыған тірелгенін айтып берді.

«Таза лайф» жеке кәсіпкері 12 қыркүйектен бастап жұмысын тоқтататынын жеткізді. Бірақ шын мәнінде олар тамыз айынан бері жұмыс істемей, олардың территориясына байланысты шағым көбейді. Қазір «Neo Plus» пен «№27 басқару компаниясы» ЖШС-і қоқысты уақытылы шығарып жатыр. Әрі құрылыс және жол компанияларымен, «Табыс Ақтөбе» ЖШС-нің көмегіне жүгінеміз», — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсупов.

Ақтөбе қаласында қоқыс шығарумен айналысатын тағы бір мекемеге сұраныс бар. Әзірге ол компания анықталған жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: