Оразалин халықты алдайтын шенділерді ұялтты

Ақтөбе қаласы және Алға ауданының әкімдіктері желіде жалған ақпарат таратқан, деп хабарлайды Aktobenews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы қала және аудан әкімдеріне ескерту жасады. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жауапты мемлекеттік мекемелер БАҚ беттері мен әлеуметтік желіге жалған ақпарат таратқан. Мұндай олқылықтар Ақтөбе қаласы және Алға ауданының әкімдіктерінде кездесіп отыр.

«Орындалмаған жұмысты орындалған деп ақпарат берген мемлекеттік орган мамандарын анықтап, тиісті шара қолданылсын. Тіпті жұмыстан босатылса да артық болмайды»,-деді облыс әкімі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: