Облыстың бас дәрігері балалары мектепке баратын ата-аналарға кеңес берді

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев мектеп оқушыларын дұрыс тамақтандыру жолын айтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Әсет Қалиев әлеуметтік желі арқылы баласы биыл бірінші сыныпқа барған ата-аналарға кеңес берді. Оның айтуынша, бала міндетті түрде үйден таңғы ас ішіп шығуы тиіс.

«Ірімшік пен жұмыртқа, түрлі ботқа беруге болады. Ботқаға ірімшік, жұмыртқа және сары май қоса берген жөн. Сонымен қатар ерітілген ірімшіктен бутерброд жасап беруге болады. Оған ет пен қияр қосқан жөн. Дайын тәтті таңғы ас қажет емес. Баланың тамақтануы білім алуына, дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан таңғы асты үйден ішіп, мектепте қосымша ауқаттанған жөн. Әжелерінің бәлішін де үйден беріп жіберге болады. Жеміс-жидектен мандарин, жүзім, өрік, банан жеуге болады. Шырын қажет емес», — деді Әсет Қалиев. Бас дәрігер жұмыртқа ең пайдалы тағам екенін айтты.

Ал сабақтан соң қосымша білім алатындар, спорттық, би үйірмелеріне қатысатындар үшін бір қасық бал, тосап, кішкентай шоколад жеуге болады.

«Ата-ана оқушының таңғы асы мен кешкі асын мұқият бақылаған жөн. Балалар ыстық тамақ жеу керек. Сонымен қатар тек таза су және қант қосылмаған шай ішуі тиіс», — деп жазды ол.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: