29 жастағы жігітке іздеу салынды

Ақтөбелік тұрғын бес күннен бері хабарсыз қалған күйеуіне полиция арқылы іздеу салды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Нұрдәулет Айменов 5 қыркүйек күні үйден шығып кеткен.

«Бұрын мұндай жағдай болмайтын, алаңдап отырмыз. Сол күні жолдас баласымен Жаңақоныс ауылына кеткен. Содан бері хабар жоқ. Ертеңіне «үйге барамын» деп хабарласты. Бірақ кейін байланыс болмай қалды. Қорқып отырмыз. Көрген адамдар болса, хабарласуларыңызды сұраймыз»,-дейді жұбайы Әсел Сауытбаева.

Ер адам көлік жуу орталығында әйелімен бірге жұмыс жасаған. Жұбайының айтуынша, ол жерге де келмеген.

Нұрдәулет Айменов үйден шыққанда қоңыр-жасыл түстес күрте, қара түсті спорттық шалбар киген.

Суреттегі ер адам туралы қандай да бір ақпарат білсеңіздер 102 және 8708 362 30 40 телефондарына хабарласуларыңыз сұралады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: