Қорғаныс министрі Ақтөбеге келді

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев облыс әкіміне патриоттық парк салуды ұсынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеге келген министр облыс әкімдігінде «Жас сарбаз» клубының жасөспірімдерімен кездесті.

Қорғаныс министрлігі мен облыс әкімдігі және «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ арасындағы азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласындағы ынтымақтастық және өзара іс қимыл туралы үш жақты меморандумына қол қойылды.

«Бұл мемарандум өскелең ұрпақ бойындағы қазақстандық патриотизмді, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға зор үлесін тигізеді деп сенеміз. Оңдасын Сейілұлы өзіңіз еліміздің патриоты ретінде, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне адал да абыройлы еңбегіңізбен зор үлес қосудасыз. Өңірде атқарылып жатқан игі істер, жастарға арналып салынып жатқан әлеуметтік нысандар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Алдағы уақытта «Жас сарбаз» қозғалысының жұмысын жандандыратын орталық немесе патриоттық паркі салынса нұр үстіне нұр болатын еді. Тағы «Жас сарбаз» сыныптарын ашуға, қажетті материалдық-техникалық, киім формасымен жабдықтауға көмек көрсетсіңіздер риза бола еді»,-деді министр.

Нұрлан Ермекбаев облыс әкіміне «Жас Сарбаз» төс белгісі мен әскери-патриоттық жұмыстарды жетілдіру бойынша өңірлік үйлестіру кеңесінің төрағасы куәлігін табыс етті.

Облыста барлығы 356 әскери-патриоттық клуб пен «Жас сарбаз» сыныптарында 14 мыңнан астам​ жасөспірім тәлім-тәрбие алуда. Тоқсан сайын қорғаныс істері жөніндегі департаменттің әскери қызметшілерімен қала, аудан мектептерінде «Ерлік сабақтары» тақырыптық кештері өткізіліп, «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: