Оразалин​ жарты ғасыр бұрын салынған балабақша мәселесін шешуді тапсырды

Облыс әкімі құрылысы жүріп жатқан бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады, деп хабарлайды Aktobenews.kz облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өңір басшысы 1970 жылы салынған №1 «Гүлдер» балабақшасында болды. 280 орынға арналған мемлекет меншігіндегі нысан күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл балабақшаға 16 млн теңге бөлініп,​ жылу жүйелері мен терезелері ауыстырылған. Оразалин жарты ғасыр бұрын салынған балабақшаның күрделі жөндеуден өтетінін хабарлады. Қала және білім бөлімінің басшыларына жуық арада ЖСҚ әзірлеуді тапсырды.
Әкімдіктің мәліметінше қалада жөндеу жұмыстарын қажет ететін 30 мектепке дейінгі ұйым бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: