«Бақытты отбасы»: Пәтер алғандар үйіне қоныстанып жатыр

«Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында тұрғын үй сертификаттары беріліп жатыр. Алғашқылары өз үйіне қоныстанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тұрғын үй сертификаты дәрігерлер мен мұғалімдерге де беріледі. Бюджеттік салада қызмет ететін адамдар үшін тұрғын үй сертификатына берілген ақша кері қайтарылады. Ал көпбалалы, жалғызбасты ана, мүгедек бала бағып отырған отбасылар қайтарымсыз алғашқы жарнаның сертификатына ие бола алады. Ол үшін жергілікті әкімдікке өтініш жасауы тиіс.

«Бақытты отбасы» бағдарламасымен 540 өтініш қабылданды. Олар «Нұрлы жер» бағдарламасымен санылған жаңа үйлерді, тіпті екінші деңгейлі пәтерлерді сатып ала алады. Көбі ескі үйлерді таңдады. Ал Нұр – Ақтөбе ықшам ауданынан 100-ден астам пәтер берілді», — деді деді «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Эльмира Ескендірова.

Көпбалалы отбасының бірі – Әсел Бабаева. Ол әкімдіктен қайтарымсыз сертификат иеленді. Алдағы 19 жылда несие төлейді.

«Үш бөлмелі пәтер алдым. Аумағы – 85,1 шаршы метр. Өзімнің төрт балам бар. Күйеуім жұмыс істейді, өзім бала күтімімен үйде отырмын. Біз Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, 1,5 миллион теңге жинадық. Содан соң әкімдік бізге қайтарымсыз 1 миллион теңге сертификат берді. Сөйтіп баспаналы болдық. Бұған дейін пәтер жалдап жүріп, қиналған едік», — деді көпбалалы ана Әсел Бабаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: