Жәрмеңке: Мұғалімдерге сұраныс бар

Конституция күніне орай өткізілген бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне 55 мекеме қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жыл басталғалы бұл шара он бір рет өткізіліп, 605 адам жұмысқа орналасқан. Қазіргі уақытта порталда Ақтөбе қаласы бойынша 1243 бос жұмыс орны мен 1839 түйіндеме тіркелген. Бүгінгі жәрмеңке барысында білім саласы бойынша қызметке шақырғандарың саны көп.

«Оқу жылының басталуы алдында мұғалімдер жетіспей тұр. Математика, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері бойынша жұмыс ұсынып отырған мектептер бар. Қызмет көрсету саласының мекемелері де қатысып жатыр. Мамандық бола тұра ұзақ мерзімде жұмыссыз жүрген жандар болса қайта даярлау курстарынан өтуге болады. Одан бөлек «Жәс кәсіпкер» жобасы аясында 45 қатысушы өз жобаларын қорғап соның 26-на нақты шешім шығарылды. Осы айда 505 мың теңге көлемінде грант беріледі. Қолдарына ақша тигеннен кейін жұмыстарын жалғастырады», — дейді Ақтөбе қалалық жұмыс қамту орталығының директоры Гүлшат Қаңтарбаева.

Жыл аяғына дейін тағы төрт рет бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: