Қала әкімі Үкімет басшысы Асқар Маминнен газ тарту жұмысы үшін қаржы сұрады

Үкімет басшысы Асқар Мамин «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы тұрғын үй құрылысымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Бұл ауданда 27 көпқабатты үй салынып жатыр. Қыркүйек айынан бастап тұрғын үйді қабылдау, тапсыру жұмысы басталады.

«Жыл соңына дейін 1400-ден астам пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасымен беріледі. Ал » Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында қаладағы көпбалалы отбасыға 40 сертификат үлестірілдіі. Бұл алғашқы жарна болады», — деді қала әкімінің орынбасары Ұшқын Мыңбаев.

Қала әкімі Мавр Абдуллиннің айтуынша, биыл бес мың пәтер қолданысқа беріледі. Оның ішінде 30 көпқабатты үй мемлекеттік, 31-і коммерциялық.

«Ең қиыны — жер кезегі. Қазір қала бойынша 140 мың адам жер алуға өтініш берген. Барлығы 393 бау-бақша ұжымы бар. Оның 40-на жер телімі статусы беріліп жатыр. Енді инфрақұрылымын жаңарту қажет. Су, газ керек. Оларға 6,2 миллиард теңге қаржы сұраймыз. 18 мың учаскеге 8 жобалық-сметалық құжат жасалды», — деді Мавр Абдуллин.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: