Оңтүстік айналма жолдың құрылысын аяқтауға 2,8 миллиард теңге қажет

2021 жылы аяқталуы тиіс Оңтүстік айналма жолдың құрылысына әлі 2,8 миллиард теңге қажет. Бүгін Үкімет басшысы Асқар Мамин құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе өңіріндегі жол құрылысымен облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев таныстырды. Қаланы айналып өтетін Солтүстік айналма жол 2011-2013 жылдары салынды. Ал Оңтүстік айналма жолы 2014 жылы басталып, әлі жалғасып келеді. Барлығы 35 шақырымдық жолдың 21 шақырымы аяқталды. Қазіргі уақытта көпір құрылысы жүріп жатыр.

«Екінші кезеңі 2020-2021 жылдарға жоспарланған. Жұмысты келесі жылы толық аяқтау үшін біз Үкіметтен 2,8 миллиард теңге сұрап отырмыз. Сонымен қатар Батыс айналма жолын саламыз. Оның техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді», — деді облыстық автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашев.

Айта кетейік, Премьер – Министр Асқар Мамин көпір құрылысын қарап шықты. Мұнда жергілікті мердігер жұмыс істеп жатыр. Құрылыс сапасы бақылауға алынған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: