Ферроқорытпа зауыты мүмкіндігі шектеулі жандардың үйінен жұмыс орнын ашып берді

«Халықтық бақылау» жобасы аясында 12 мүмкіндігі шектеулі жан жұмысқа алынған. Олар бейнебақылау арқылы зауыттағы техникалық қауіпсіздік ережелерін қарап отырады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы Асқар Мамин Ақтөбе ферроқорытпа зауытындағы №4 цех жұмысымен танысты. Цехқа биыл бес жыл толды әрі 1 миллион тонна өнімін шығарды. Мұнда 300-ден астам жұмысшы еңбек етеді. Көбі жастар.

«Қазір жылына 355 мың тонна өнім шығарылып жатыр. Бірер жылда 440 мың тоннаға жеткізу жоспарда бар», — Ақтөбе ферроқорытпа зауытының директоры Жалғасбай Мұсабеков.

Ал «ҚазХром» ТҰК» АҚ-ның президенті Арман Есенжоловтың айтуынша, 12 мүмкіндігі шектеулі адам жұмысқа алынып, үйлерінен жұмыс кабинетін жасап берген. Кейін компьютерді зауыттағы бейнебақылауға қосып, тәулік бойы қарап, қауіпсіздік ережесін бұзу фактілерін анықтауға мүмкіндік берді. Екі айда олар 600-ден астам бұзушылықты анықтап, дерек диспетчерді хабарлап отырған. Мұндай бірегей жоба енді еліміздегі өзге зауыттар мен өндіріс орындарына енгізіледі.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: