Асқар Мамин Ақтөбеде 18 мың теңгеге күрте сатып алды

ҚР Премьер-министрі «Глобал Спецодежда» ЖШС-нің тігін фабрикасына барып, киімдердің арзан бағасына таңғалды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан фабрикада 200 адам еңбектенеді. Соның 30% — мүмкіндігі шектеулі жандар, көпбалалы және аз қамтылған отбасы мүшелері.

Фабриканы аралау барысында Премьер-министр Асқар Мамин көк түсті күртенің 18 мың теңгеге сатылып тұрғанын көріп, сол бойда оны сатып алды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: