Әлеуметтік саланың жаңа министрі Ақтөбеге келді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ақтөбелік көпбалалы аналармен кездесті деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кездесу «Анаға тағзым» орталығында ұйымдастырылған.

«Ақтөбеге арнайы келіп тұрып қалай аналармен кездеспеймін?! Премьер-министрден рұқсат сұрап, нысандарды аралау барысында аналармен кездесіп қайттым. Атаулы әлеуметтік көмектің алдағы уақытта да болатыны, тоқтатылмайтыны түсіндірілді. Ана мен бала қамқорлығына үлкен көңіл бөлінеді. Бізде сәби дүниеге келгеннен бастап жәрдемақылардың түрі бар. Мүгедек жандарға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Ақтөбенің өзінде 93 мың зейнеткер бар. Барлық мемлекеттік төлемдер уақытында төленетін болады», — деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.

Аналар министрден атаулы әлеуметтік көмек , жұмысқа орналасу, баспана алу мәселесіне қатысты сұрақтарға жауап алды. Сонымен қатар, белгілі себептерге байланысты төленген қаражатты кері қайтару сұрақтары бойынша да түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

«Барлық ақтөбелік аналар министрге көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Мәселелер шешілетін болады. Сол үшін де аналарымызға министрдің өзімен тілдесуге жағдай жасадық», — дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Ербол Данағұлов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: