Мұнайшылар бір жылдың экологиялық үстемақысын сот арқылы өндірді

Сот «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-ін экологиялық үстемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қалалық сотында «Сағыз Петролеум Компани» ЖШС-нің жұмысшылары жазған талап арыз қаралды. Мұнайшылар 2013 жылдан бері экологиялық үстемақы алмағанын айтып, соттан өндіріп беруді сұрады. Бүгін судья Назгүл Қанапия шешімді оқыды. Яғни, жұмысшылар тек 2017-2018 жылдар аралығындағы экологиялық үстемақыны өндіре алады.

«Жұмысшылардың талабы ішінара қанағаттандырылды. Олар 2013 жылдан бері жиналған экологиялық үстемақыны өндіруді талап еткенімен арыздану уақыты өтіп кетті. Заң аясында тек 2017-2018 жылдар аралығындағы экологиялық төлемді өндіру міндеттелді. Жұмысшылар апелляциялық шағым түсіре алады», — деді судья Н.Қанапия.

Айта кетейік, жұмысшылар апелляциялық шағым түсіретінін, Жоғары сотқа дейін баратынын жеткізді. Себебі олар өздеріне экологиялық үстемақы тиесілі екенін мүлде білмеген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: