Бадамшада дүкен сатушысы пышақ жарақатынан көз жұмды

Көрнекі сурет

Бадамша ауылында азық-түлік дүкенінің сатушысы бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, көз жұмды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оқиға 14 тамыз күні болды. Азық-түлік дүкенінің сатушысын пышақтаған екі күдікті үш сағат ішінде ұсталды.

«Екі күдікті Хромтау қаласында ұсталды. Олардың бірі сол қаланың тұрғыны болса, екіншісі Бадамша ауылының азаматы. Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалып, сот алды тергеу жұмыстары жүріп жатыр», — деді облыстық ПБ баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: