Ақтөбе қаласында ауа сапасы нашарлайды

Жұма, 16 тамыз күні метеорологиялық жағдай Қазақстанның 1 қаласында ауаның ластануына ықпал етеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК мәліметтеріне сүйене отырып.

Синоптиктердің деректері бойынша, жайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе қаласында ауа ластанады деген болжам бар.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: