Алғаш рет Ақтөбеден Қытайға ет экспортталды

Жергілікті жердің ет өнімдері енді Қытай базарларында сатылады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жоспар бойынша жыл соңына дейін өңірден 4 мың тонна ет экспортталуы керек. Бүгінгі күні 2 мың тоннадан астам ет басқа елге жіберілген.

«Апта басында «Актеп» ЖШС 20 тонна етті Қытай еліне аттандырды. Бұл Ақтөбеде алғаш рет тіркелді. Барлығы дұрыс болып жатса одан кейін де жіберіледі. Экспортқа шықпас бұрын қытайлық мамандар келіп, сынамадан өткізді. Арнайы аттестациядан өткеннен кейін сертификат берілді. Бұдан бөлек Ресей және Өзбекстан елдеріне де ет экспортталып жатыр», — дейді Ақтөбе облысы бойынша ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Аптиев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: