Қожа-Ахмет Яссауи кесенесімен замандас Балғасын мавзолейі тоналды

Шалқар ауданындағы Балғасын кесенесі тоналып кеткен. Өлкетанушылар бірегей тарихи орынды сақтап қалуды ұсынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай Шалқар ауданындағы Балғасын мешітінің аяусыз тоналған айтып, дабыл қағып отыр. ХІІІ-ХVIII ғасырларға жататын мешіт Қожа-Ахмет Яссауи кесенесімен замандас болып шықты. Ресейдің археолог, тарихшы Жозеф-Антуан Кастанье өз жазбасында кесенеге кіреукелі тастар, яғни, шыны тәрізді көк тастар қолданылғанын жазды.

«Қожа-Ахмет Яссауи кесенесінің күмбезінде қолданылған аспанкөк зертас болған. Яссауи кесенесінде араб тілінде Құран аяттар мен сүрелер жазылған. Дәл сондай құнды дүние біздің жерімізде де бар. 2017 жылы барған кезде мавзолейді қазып тастағанын көрдім. Қазір 500-600 зертас шашылып жатыр. Тарихи-мәдени мұраларды зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы мен прокуратура осы іспен шұғылдануы тиіс. Бір қой ұрласа іздейді, ал тарихымыз тоналып жатқанда бәрі үнсіз отыр. Адам жер бетіндегі материалын сатамын деп емес, жер астында алтын, күміс бар деп қазады. Жергілікті адамдар «білмеймін» деп құрғақ жауап беріп отыр. Бір күнде емес, айлар бойы қазған мавзолейді», — деді өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай.

Шалқар аудандық музейінің мәліметіне сүйнесек, Балғасын – қазақтар мен қыпшақтар соғысқан жер. Байдың қызы Балғасын жауға қарсы аттанып, қаза табады. Оған арнап XII ғасырда сәулетті күмбез тұрғызған. 1901 жылы И.Хохлов Балғасынның сипаттамасын жазған. Бұл жерде бұрын қала болған деген дерек те бар.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: