Мекткеп формасында өзгеріс болмайды

Ақтөбе мектептерінде киім үлгісі әртүрлі, биыл өзгеріс болмайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

2016 жылы Ақтөбе облысы бойынша бірыңғай форма қабылданған болатын. Бірақ аудандардың өз ерекшелігі бар. Ақтөбе қаласы бойынша жасыл түс бірыңғай мектеп формасы болып қабылданғанмен, кейбір мектеп өз үлгісін таңдаған.

«Мектеп-лицейлері мен гимназияларда өз мектеп формасы бар. Олардың қатарына №51, 21, 20, 56 мектептерді жатқызуға болады. Қандай да бір өзгеріс жоқ. Қыздар мектеп формасын киеді, ақ бантик тағады. Ал ұлдар қара шалбар, қара жакет немесе мектептің өз формасын киеді. Министрліктен немесе облыстық білім басқармасынан форма туралы талап болмады», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: