Мектеп оқушысының денесі табылды

Көрнекі фото

Ақтөбеде биыл тоғызыншы классқа баратын оқушының денесі үйінің ауласынан табылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Мұхтар Арынов атындағы мектеп оқушысының жұмбақ өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Мектеп директорының айтуынша, қайғылы жағдай дүйсенбіде түстен кейінгі мезгілде болған.

«Оқушымыздың тәртібі жақсы, оқуы орташа болатын. Отбасы жағдайы қалыпты. Қыз баланың әкесі де, анасы да жұмыс жасайды. Бала бөлектеніп жүрмейтін. Психологиялық тесттерде тәуекелділік топқа алынбаған. Естуімше, қайғылы жағдай үйінде болған»,-дейді Мұхтар Арын атындағы мектеп директоры Жасұлан Жанайдаров.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен өлім себептері анықталып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: