«Балағаттады» деп арыз түсіретіндер көбейген

Облыстағы қылмыс әлемінде ұрлық саны азайып, ұсақ бұзақылық көбейген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қазір алдын алу жұмыстары күшейтілді. Қауіпсіз аула профилактикалық іс-шарасы жүріп жатыр. Үйлерді аралаймыз. Нәтиже жоқ емес. Ұрлықтың саны азайды. Дегенмен жазғы мезгілде ұрлық тіркеледі. Себебі адамдар велосипед, самокат секілді заттарды подъезге қояды. Бұл дұрыс емес, сақтық жасау керек»,-дейді жергілікті полиция инспекторы Азамат Ақбергенұлы.

Жеті айлық көрсеткіш бойынша облыста 4236 ұрлық тіркелген. 2018 жылы бұл сан 5438 болатын.

«Қазір біреудің балағаттағанын айтып, шағым түсіретіндер көп. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабымен ұсақ бұзақылық ретінде сотта қаралады. Полиция қызметкерлері тек әкімшілік хаттама толтырады. Балағаттау дәлелденсе айыпталушы әкімшілік айыппұл төлейді не қамауға алынады. Мұндай жағдайлар қазіргі таңда көп тіркеледі»,-дейді инспектор.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: