Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары «Мектепке жол» акциясын өткізді

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Ақтөбе облысы бойынша филиалы аз қамтылған отбасыларынан шыққан балаларды қолдау мақсатында республикалық акцияны ұйымдастырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы алдында корпорация қызметкерлері қаражат жинап әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектесті. Шара барысында Ақтөбе облыстық «Азаматтарға арналған үкімет» филиал қызметкерлері 250 мың теңге қаражат жинап 25 баланың мектепке баруына жағдай жасады.

«Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етеді. Ал отбасында бірнеше бала болса тіптен қиын. Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір көрінісі. Мен көмек қолын созып, өз отбасының бюджетінен қаржы бөлген әріптестеріме алғысымды білдіремін», – дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: