Сенбі күні Ақтөбеде командалық триатлоннан жарыс өтеді

Триатлонға қатысу үшін командада үш адам болуы керек, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қалалық спорт бөлімі командалық триатлоннан жарыс ұйымдастырып жатыр. Оған кез келген тұрғын қатыса алады. Жарыс екі категория бойынша өтеді. Біреуі таулы жерде, екіншілері тасжолдың үстімен жүгіріп жарысады.

Команда құрамында үш адам болса, соның ішінде міндетті түрде бір әйел болуы керек.

Триатлон үш кезеңнен тұрады. Алдымен бірінші адам «Саяхат» жағажайында 300 метрге жүзіп, екінші адамға эстафетаны береді. Екіншісі велосипедпен 8 шақырымды бағындырады. Ал үшіншісі 2 шақырамға жүгіреді.

Қосымша сұрақтармен +77052691128 WhatsApp нөміріне хабарласуға болады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: