Мұнайшылар сотқа жүгінді

«Сағыз Петролеум» компаниясының 50 жұмысшысы өздеріне тиесілі экологиялық үстемақыны талап етіп сотқа келді деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбелік жұмысшылар мұнай компаниясынан өздеріне тиесілі қаражатты ала алмай, сот жағалап жүр. Айтуларынша, ұжымдық келісім-шартта көрсетілген міндеттерді компания орындамай отыр.

«Заңды түрде өзімізге тиесілі, еңбегімізді төлесін. Сотқа шағымданған жұмысшылардың компаниядан алатын қарызы төмен дегенде 1 млн теңгеден басталады»,-дейді жұмысшы Рүстем Бақытжанов.

Жұмысшылар сотқа дейін де бірнеше құзырлы мекеменің табалдырығын тоздырған.

«Біздің 5 жылғы экологиялық ақшамыз алынбай қалды. Компания тек тұрғылықты мекен-жай бойынша төлеп отыр. Экологиялық зардапты да ескеру керек»,-дейді компания жұмысшысы Аймұрат Төремұратов.

Сот залында әзірге мұнайшылар талабы тыңдалып жатыр. Сот процесі әлі жалғасады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: