Ақтөбедегі миграциялық қызметтің жұмысы жеңілдеді

Бұған дейін жұмысын бітіру үшін бес күн жүретін шетелдіктер енді құжаттарын бір сағаттың ішінде рәсімдей алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Өткен жылдың қазан айынан бастап миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс жасап келеді. Көші-қон қызметтерін көрсету орталығы арқылы «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту» мемлекеттік қызметі бойынша қаңтар айынан бастап 7103 қызмет көрсетілген. Қазіргі кезеңде құжаттардың рәсімдеу уақыты да айтарлықтай қысқарған.

«Бұған дейін шетелдіктер Ақтөбеде жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бес күн жүрсе, енді рұқсатты бір сағаттың ішінде рәсімдей алады», — дейді Ақтөбе облысының халыққа қызмет көрсету орталығының PR-менеджері Әсел Мустафина.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: