Орамал таққан жеті оқушы сыныптан сыныпқа көшпей қалды

Орамал тағып, мектепке бара алмаған жеті оқушы мәселесі қиын болып тұр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Өткен оқу жылының соңында 8 оқушы орамал таққан соң мектепке бармады. Бірінші класс оқыған бір оқушыны кластан класқа көшірдік, өзгесі сол класта қалады. Ата-аналарға уақыт беріп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Олар заң аясында жауапкершілікке тартылып, айыппұл төледі. Бірақ ата-ана баланың болашағын ойламай отыр. Еліміздің «Білім туралы» Заңында қашықтықтан оқыту деген жоқ, ол уәж қабылданбайды», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: