Биыл апатты мектептер мәселесі толық шешіледі

Ақтөбе облысы бойынша 3 апатты мектеп бар. Олардың орнына биыл жаңа мектеп салынып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында 403 мектеп жұмыс істейді. Барлығы 148 мыңнан астам оқушы бар.

«Облыста 6470 орынға арналған 21 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Биылғы 15 мектеп пайдалануға беріледі. Өңірде үш ауысымды 13 мектеп болса, оның жетеуінде мәселе шешіледі. Ал Ырғыз, Мұғалжар аудандарындағы апатты үш мектеп мәселесі биыл шешімін табады, яғни, жаңа мектептер салынып жатыр», — деді облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Айта кетейік, 10 мектеп республикалық, 11 мектеп облыстық бюджет есебінен салынып жатыр. Қаладағы №9, 17, 21, 27, 56 мектептерде қосымша құрылыс жалғасады. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 520 миллион теңге қарастырылды. Оқу жылы басталғанда №9, 21, 27 мектептердегі қосымша құрылыс аяқталады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: