«Батыс – 2» мен «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданындағы мектеп мәселесі қалай шешіледі?

Екі аудандағы мектептер үш ауысымды болып тұр. Алдағы жылдары жаңа аудандарға мектептер салынады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданында биыл желтоқсанда 1 мың орынды мектеп пайдалануға берілуі тиіс. Құрылысшылармен келісім кезінде мектеп қазан айында да қолданысқа берілуі мүмкін екені айтылды. Сонымен қатар бұл жаңа аудандағы тағы жаңа мектеп салынады.

«Батыс – 2 ауданындағы №63, 64 мектептер мен Қандыағаш қаласындағы мектеп үш ауысымды болып өзгеруі мүмкін. Қазір Мұғалжар ауданындағы мәселе шешілді. Ал Батыс-2 ықшам ауданы бойынша екі жеке мектепке салынады. Бірақ құрылысы 2021 жылы ғана аяқталады. Ал №63, 64 мектептердің мәселесін №10, 23, 1 орта мектептермен шешеміз», — деді Ләззат Оразбаева.

Алдағы уақытта мемлекеттік, жеке меншік мектептердің айырмашылығы болмайды. Себебі мектептер жан басына қаржыландырылады.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: