Ақтөбе қаласында 83 мыңнан аса оқушы мектепке барады

Бүгінгі таңда қаланың мектептері жаңа оқу жылына қызу дайындалып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жалпы қалалық білім бөліміне қарасты 244 мекеме бар. Соның ішінде 84 күндізгі жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар саны 83 мыңнан асуы мүмкін. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,6 мың оқушыға артық.

Сондай-ақ екі кешкі мектеп те оқыту үрдісін жалғастырмақ. 46 мемлекеттік балабақшада 11 мыңнан аса бала тәрбиеленсе, 15 қосымша білім беру мекемесінде 16 мыңнан бала білім алады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: