Тұрмыстық жанжал көбейді

Ақтөбелік полицейлер отбасында жиі жанжал шығатын 600-ге жуық отбасын есепке алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Тәртіп сақшылары өңірде жиі тіркелетін тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларының алдын алуға бағытталған профилактикалық шара өткізді.

Жылына учаскелік полиция инспекторымен 5 мыңға жуық әкімшілік іс қозғалады. Оның дені әйелі мен күйеуі арасындағы жанжал. Ағасы мен інісі, апасы мен інісі және әкесі мен баласы арасындағы ренжісудің соңы да қол көтеруге ұласып, полицияға жүгінумен аяқталады.

«Учаскелік полиция инспекторларында тұрмыстық жанжалға қатысты есепке алынған 600-ге жуық отбасы бар. Жарты жылдық бойынша тұрмыстық жанжал көбейген. Әйел адамдар көптен жағдайда жанжал қол көтеруге жеткен кезде ғана полиция шақырады. Осындай жағдайдың алдын алып, сотқа апармау шаралары жүріп жатыр. Қорғау нұсқамасы бір айға қойылады. Бір айдың ішінде адам қандай да бір құқықбұзушылық жасамаса қорғау нұсқамасы бір айдың ішінде шешіледі. Қорлап тиісіп, балағат сөздермен психологиялық қысым көрсетсе ҚР ӘҚБК 461 бабымен жауапқа тартылады»,-дейді Ақтөбе облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Ақбергенұлы.

7-13 тамыз аралығында облыс аумағында жүріп жатқан профилактикалық іс-шарасына 369 полиция қызметкерлері жұмылдырылған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: