Қазір 4 мың ақтөбелік автобуста электронды төлем жүйесін қолдануда

Әзірге №46 бағыттағы 10 автобуста Wi-Fi белгісі бар төлем карталарын қабылдайтын терминал орнатылған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Қоғамдық көлікте электронды төлем жасау үшін бөлек карта жасаудың қажеті жоқ. Қазақстанда қолданылатын барлық банктердің Wi-Fi белгісі бар карталары жарай береді.

«Бұл жүйе екі ай бойы сынақтан өткізіледі. Өзінің қажеттілігін дәлелдеген жағдайда қаланың барлық автобустарына электронды төлем жүйесін іске қосу жұмыстарын бастаймыз», — деді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары Руслан Төреғали.

Оның сөзінше, күн сайын №46 бағыттағы автобустарға 13 мың жолаушы мінеді. Электронды төлем жүйесін бастапқыда енгізгенде 1,5 – 2 мың ғана төлем карта қолданған. Енді күн сайын 4 мың адам немесе жолаушының 30%-ы қолма-қол ақшадан гөрі, электронды төлемді тиімді деп көріп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: