Облыста 1200 маскүнем есепте тұр

Тәртіп сақшылары 200-ге жуық адамды мәжбүрлі түрде сот арқылы емдеуге жіберген, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жергілікті полиция қызметкерлерімен ұсақ-бұзақылықтың алдын алуға қатысты тұрақты жұмыстар жүргізіліп келеді. Тіркелген қылмыстардың дені ішімдік ішкен күйде тіркеледі.

«Учаскелік полиция қызметкерлері қиын отбасылардың үйін тұрақты аралайды. Мақсат – ішімдіктен туындайтын әртүрлі қылмыстық оқиғалардың алдын алу. Себебі отбасындағы жанжалдың барлығы ішімдіктің салдарынан туындап жатады.

Балалары ішімдікке салынған әкелерін емдеуге жіберуді сұрайды. Жеті айда 200-ге жуық адам сот шешімімен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберілді. Қазір облыс бойынша ішімдікке салынған 1200-ге жуық адам есепте тұр»,-дейді облыстық ІІД жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы Азамат Ақбергенұлы.

Сонымен қатар, полицияға көшеде не әлеуметтік желіде танымайтын адамның балағаттағанына қатысты түсетін шағымдар көбейген. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері әкімшілік хаттама толтырып, істі сотқа жолдайды.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: