Магистратура талапкерлерінен телефондар тәркіленді

Білімін жетілдіруге ниет білдірген 14 тестіленуші аудиториядан шығарылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбе-адалдық алаңы» сарапшылары Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіндегі тестілеу жұмысына қатысты. Біліктілігін арттыруға ниет білдіргендерден тыйым салынған заттар анықталған. Магистратураға тапсыру үшін тест тапсыруға келгендер сарапшылар алдында ұятқа қалды.

«Сарапшылар кеңесі арнайы мониторингтік топпен 2019-2020 оқу жылына магистратураға тест тапсыру сәтіне бақылау жасады. Нәтижесінде көптеген кемшіліктер анықталды. Магистратураға түсушілер арасында ұялы телефон пайдалану оқиғасы көп тіркелді. 170 адамнан тестілеуге кіргізу кезінде 164 телефон тәркіленді, 14 тестіленуші аудиториядан шығарылды»,-дейді Ақтөбе-адалдық алаңы» сарапшылар кеңесінің жетекшісі Жанболат Тортаев.

Сарапшылар бес күнге созылатын тестілеу жұмыстарына алдағы күндері де қатысуды жоспарлап отыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: