«Болашақтың» түлегі сот залынан ақталып шықты

Облыстық табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары Нұрлан Болатбаевқа сот үкімімен ақталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Департамент басшысы Гүлнұр Масина мен оның орынбасары Нұрлан Болатбаевқа Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» бабымен айып тағылды. Тоғыз ай бойы іс тергеліп, сотта қаралды. Бүгін судья Сейфолла Тасымбетов айыпталушыларды ақтау үкімін шығарды.

«Гүлнұр Масина, Нұрлан Болатбаев Қылмыстық кодекстің «Салғырттық» бабы бойынша ақталсын. Заң аясында шешім қабылдаған. Сот тарифті көтеру кезінде компания мен банк арасындағы келісімшартты көрсету міндетті құжатқа кірмеймінін анықтады. Ақталған айыпталушылар моральдық шығын өндіре алады», — деді судья Сейфолла Тасымбетов.

Сот отырысы аяқталған соң Гүлнұр Масина жұмысын әрі қарай жалғастыратынын, моральдық шығын өндіруді әлі ойламағанын жеткізді. Тіпті, үш дипломы бар өзінің қателесуі мүмкін емес екенін баса айтты.

Айта кетейік, Гүлнұр Масина «Болашақ» бағдарламасының түлегі, Ұлыбританияда білім алған.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: