Ақтөбеде «Харекет» қорының дәмханасы ашылды

Мұқтаж жандарға баспана сыйлап жүрген қор ұжымының бұл екінші қайырымдылық дәмханасы, деп хабарлайды, Aktobenews.kz тілшісі.

Алғаш Атырау қаласында ашылған тамақтану орыны болашақта еліміздің түкпір-түкпірінде жұмыс жасайды деп жоспарлануда. «Харекет» дәмханасына келген әрбір адам қайырлы іске үлес қосады. Себебі, дәмхана көрсеткен қызметтен түсетін қаражат мұқтаж жандарға баспана алып беруге жұмсалады.

Екі қабаттан тұратын халал асханада шілдехана, тұсаукесер сынды дәстүрлі рәсімдермен қатар мерейлі күндерді де атап өтуге болады.

Естеріңізге сала кетейік, «1000 теңгемен баспана» ұранымен игі істі бастаған қор ұжымы қазіргі кезеңге дейін мұқтаж жандарға 123 баспана алып берген.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: