АҚШ-та өрт кезінде бес бала қаза тапты

Пенсильвания штатындағы Эри қаласында шыққан өрттен бес бала мерт болды, деп хабарлайды CBC News-ке сілтеме жасаған ҚазАқпарат.

Өрт балалар күндіз баратын орталықта болған.

Harris Family Day Care жеке орталығындағы өрт туралы хабар жексенбі күні түнде жергілікті уақытпен сағат 1:12-де түскен. Өрт сөндірушілер төрт минуттың ішінде келген, бұл уақытта өрт ғимаратты толықтай шарпып үлгерген.

Өрт сөндірушілер ғимараттың иесі Элейн Хэрристі ажалдан аман алып қалды. Ол ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, 12 және 17 жастағы екі жасөспірім құтқарылды. Олар жанып жатқан ғимараттың шатырына шығып, жерге секірген. Бұдан бөлек, өрттен көрші үйдің иесі зардап шеккен.

Қаза тапқан балалардың есімдері мен жастары әзірге хабарланған жоқ. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: