«Бақытты отбасы»: 300-ден астам өтініш мақұлданды

Облыста «Бақытты отбасы» бағдарламасымен 300-ден астам адамның төлем қабілеті расталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе қаласы бойынша 23 мыңнан астам адам пәтер кезегінде тұр. Олардың 8 мыңнан астамы «Бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы бола алады. Ол үшін алдымен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне барып, төлем қабілетін растайды. Кейін әкімдіктен алғашқы жарнаға сертификат алу үшін өтініш жазады.

«Қазір 382 өтініш мақұлданды. Оның 132-і көпбалалы, 197-і толық емес және 53-і мүгедек бала асырып отырған отбасы. Соның ішінде 147-і тұрғын үй сертификатын алуға өтініш білдірген болатын. Жалпы алғанда 99 миллион теңгенің өтініші мақұлданды», — деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі облыстық филиалының директоры Жеделбек Мырзағалиев.

Пікір қалдырыңыз

Просмотров: